YouTube Facebook RSS Reset

Ас содасын пайдалану

Қамыр қопсытқышты үйде қалай дайындауға болады.

Қажетті заттар:

Ас содасы – 4,8 г

Лимон қышқылы – 3,0г

Ұн – 12,2г

Үйде әрбір миллиграмды өлшеу өте қиын. Сондықтан қасықпен өлшеу тиімдірек болады. Ас содасы көптеу болғаннан қорықпау керек. Ол үшін қамырдың құрамында үнемі айран, сүзбе, сары су, бал, жеміс немесе көкөніс езбесінің бір болғаны дұрыс. Бұлардың құрамындағы қышқылдар соданың артық мөлшерін білдірмей жібереді.  Дайындалуы:

Құп-құрғақ банкіге 12 шай қасық ұн саламыз. Ұн қамыр қопсытқышты мөлшерлеуге ыңғайлы. Жасап шығарушылар ұнның орнына жарамдылық мерзімін ұзарту үшін картоп крахмалын пайдаланады.Сосын 5 шай қасық сода, 3 шай қасық лимон қышқылын қосамыз. Егер ұзақ уақыт пайдаланатын болсаңыз, ылғалдылығын жою үшін банкіге қант түйірін салыңыз.

Қамыр қопсытқышты қалай пайдалану керек:

Қамыр қопсытқыш пен сода бірін бір алмастыра алады. 1 – 1,5 шай қасық қопсытқыш = 0,5 шай қасық сода.

Егер қамырға ұн бірнеше рет салынатын болса, онда соңғы салынатын ұнға қамыр қопсытқышты араластырып барып саламыз. Сода мен қопсытқышты бірдей қосатын рецепттер бар. Бұл қате болып есептелмейді. Сода ондай кезде қопсытпайды, қышқыл дәмдерді (бал, сүзбе) қалыптандырады.

Соданы сөндірудің жолдары

Бірінші тәсіл: Ас қасықтың ұшымен соданы алып, бір-екі тамшы сірке қышқылын және бірнеше тамшы су тамызу керек. Бұлар реакцияға түсіп, натрий ацетаты, су және көмірқышқыл газ бөлініп шығады. Газ бөлініп шыға салысымен дереу қамырға қосып, тез араластырып, пісіру керек. Жақсылап араластырмаса, пісірген нәрсеңіздің беті тегіс болмайды.

Екінші тәсіл:

Қышқылды сұйықтыққа араластырып, соданы ұнға ең соңынан қосады. Бәрін араластырып, пісіру керек. Реакция қамырдың ішінде болады. Сода мен сірке қышқылын ертерек жақсылап араластыру керек, сонда пісірген нәрсеңіздің беті тегіс болады.

 

Әзірше пікірлер жоқ.

Пікір қалдыру