YouTube Facebook RSS Reset

Бала тәрбиесі

                                                                Ата-анаға құлақ қағыс
Сіз балаңызға қалай тәрбие беріп жүргеніңіз туралы ойланып көрдіңіз бе? Оған өзіңіз білетін өмірлік сабағыңыздан үйретіп жүрсіз бе?
Осылай да ұйықтауға бола ма?    Жұмыс істейтін болсаңыз, таңертең кетіп, кешке келесіз.      Кешкі тамақ   үстінде бүгін болған оқиғаларды еске алып немесе бала-шағаңыздан не бітіргені туралы есеп аласыз. Сосын теледидардың немесе компьютердің алдынан орын табасыз. Балаңыз да сіздің қасыңызда отырады немесе өз бетімен сабақ оқи ма, ойын ойнай ма, бір кезде ұйықтауға жатады. Теледидардағы жарнамалардағы жалаңаш денелерді сізбен бірге тамашалап отырады. Интернеттен не көріп, не тыңдап жүргенін тексере беруге уақытыңыз бола бермейді.
Жұмыссыз үйде отырған ата-аналардың да көпшілігінде үйдің күйбең тіршілігімен тура осы көрініс болатыны анық. Сонда балаңыз қалай тәрбиеленіп жатыр? Балаңызды теледидар мен интернет тәрбиелеп жатыр. Көшеден көргенімен өсіп келеді. Мектеп тәрбиелейді деген пікірде болсаңыз, қатты қателесіз. Мектепте әр түрлі тәрбиелі отбасының балалары бір жерде жиналады да, керісінше балаңыз теріс қылық үйреніп келуі мүмкін. Балаға танымдық немесе көркем әдебиеттен кітаптар мен журналдар оқыту да аздық етеді.
Әңгімені басынан бастасақ, балаңызды тәрбиелеуді құрсақта жатқаннан бастау керектігін білу керек. Сананы тұрмыс жеңетіні рас қой. Анау жетпейді, мынау жетпейді деп, балаңызды киіндіріп, ішкізіп-жегізіп жүргенде оның адам қатарына қосылып, өз бетімен кеткенін байқамай қаласыз. Ол кезде сіздің берген тәрбиенің нәтижесі шығады. Ұрыс-керіс көріп өссе, ол да сондай ұрысқақ, жасқаншақ немесе алқаш болады. Өзіңізге ақыл айтып, «сен нені үйреттің, мен өзім білемге» салады. Осындай қасіреттің алдын алатын, баланы киіндіріп, тамаққа тойғызғаннан да маңызды мәселе – жастайынан жан-жақты тәрбиелеу. Ол тәрбие қиын емес. Бауыр етіңіз балаңызға кемінде он минут қисаңыз болғаны. Балаңызды қасыңызға алып, онымен құры шүйіркелеспей, оған түсінікті тілде өзіңіздің білгеніңізді үйретсеңіз болғаны. Мысалы мынандай тақырыптарда:
– үлкендермен қалай сөйлесу керек?
– жан-жануарлар туралы (мысалы, сиырдың сүтінен не жасалады?)
– неге бір жылда қыс, жаз, күз, көктем болады?
– Жеті ата туралы;
– дін туралы;
– туысқандармен қалай қарым-қатынас жасау туралы;
– құлап қалып, бір жерін қанатып алса не істеуге болатынын т.т.
Жеке отыруға да уақытыңыз болмаса, үйдің бір шаруасымен айналысып жатсаңыз, онда қасыңызға ілестіріп алып үйретіңіз.
Егер мен балама осының бәрін үйретіп жүрмін, тәрбиесі «мұздай» десеңіз, онда сіз ұрпағыңыздың болашағына алаңдайтын, тамаша ата-анасыз!

Әзірше пікірлер жоқ.

Пікір қалдыру