YouTube Facebook RSS Reset

Бөлменің жарық болуын қалайсыз ба?

Күндіз күннің сәулесі терезе арқылы жақсы түседі. Табиғи жарық  жағымды болып көрінеді, әрі көзге пайдалы. Күннің жарқыраған сәулесі көңіл-күйіңізді көтеріп, күш-қуат береді. Кітап оқып, жазу жазсаңыз да көзіңізді қатты шаршатпайды. Сондықтан бөлмеңіздің терезесін мейлінше үлкен етіп жасаған абзал. Қараңғыны жақсы көретіндер аз кездеседі. Жарық адамның өмірінде ерекше орын алады. Көңіліңізді көтергеннен басқа, жайлылық сыйлайды.

Терезені әсемдеу

Сырттан түскен жарық терезенің көлеміне, сосын қандай перде ілгеніңізге, оның сапасына байланысты болады. Перделер үйдің көркін кіргізіп қана қоймай, жайлы етіп көрсетеді. Перде немесе шілтер таңдай отырып, үйіңіздің кейпін өзгерте аласыз. Әдетте жатын бөлмеге тығыз, қалың матадан перде ілінеді, қалаған кезде мүлде жарық түсірмейтіндей етіп жауып қоясыз. Бұл түнгі жұмыс істейтіндер үшін немесе басқа сағаттық белдеуден іссапардан келгендерге өте ыңғайлы. Алайда оны жағымсыз перделермен жауып қойғанша, ашық түсті жалюзилер ілсе болады. Ал ұйықтауға арналмаған бөлмелерге түрлі оюлармен немесе түрлі-түсті әр түрлі жеңіл шілтерлер ілсе болады. Пердені түсі де бөлмені «суық» немесе «жылы» етіп көрсетеді.

Бөлмені жарық қылып көрсететін заттар: қабырғадағы түсқағаздар және еден мен есік, жиһаздар. Жөндеу жұмыстарын жасағанда түсқағаз бен еденнің түсін ашықтау етіп таңдаңыз. Жиһаз сатып алғанда да ашық түстісін алыңыз.

Әзірше пікірлер жоқ.

Пікір қалдыру