YouTube Facebook RSS Reset

Дәмдеуішті дұрыс пайдалану

Дәмдеуішті  дұрыс пайдалану.

Рисунок   Жауқазын (шафран) және базиликтің көгі тағамды ашық түске бояйды.  Үнді халқы    шафранды көп пайдаланады екен. Медицинада шафранның көзге пайдалы екендігі дәлелденген.

 

  

               green_cardamom_mediumКемпіршөпті (кардамон) пайдалану үшін алдымен ақ қабықшасынан тазартып алу керек. Ол үнді және Малай аралдарында өседі.  Хош иісті, дәмі өткірлеу болып келеді. Кардамон ас қорытуға өте пайдалы.

 

 

 timyanЖебіршөпті (тимьян ) аз мөлшерде пайдаланған жөн, бұқтырылған және қуырылған ет тағамдарында, үрмебұршақта, баклажан мен бұрышқа қосады. Кептірілген күйінде жақсы сақталады. Еттерге, балықтарға,сонымен қатар  маринадтарда,тіпті тәтті тағамдарда пайдаланады. Жебіршөп ерекше дәм береді. Бұдан басқа жебіршөптің емдік қасиеті өте мол. Тыныс алу жолдарына, ми қызметіне әсері бар екен.

 

 chaberШопан (чабер) бақшанікін қайнатпаға қосқан абзал. Орамжапырақ, картоппен және тұздалған қиярмен жақсы үйлесім табады. Шопанды тамаққа қосса тәбетті ашады. Оның да емдік қасиеттері бар.

 

 

БазиликБазилик. Базилик жапырағын ең соңғы уақытта салады. Майдалап тұрап, сірке суында, мұздатылған күйінде сақталады. Базиликсіз оңтүстік асханасын, соусты немесе салаттарды елестете алмаймыз. Базилик түрлі макарондармен, тауық тағамдарымен және балықтың бір түрлерімен беріледі. Көбінесе пияз, сарымсақ және эстрагонмен жақсы үйлеседі.

 

1392987887-4589-chesnok    Сарымсақты (чеснок ) сақтықпен пайдаланған жөн, тағамның өзіндік дәмін бұзып, иісі аңқып шығып кетеді. Ұсақ етіп туралған сарымсақты  дастарханға тартыларда  3-4 минут қалғанда  оты сөнгенде салған жөн. Сарымсақты тұмауға пайдаланатынын көпшілік жақсы біледі.

 

 

Ақжелек    Ақжелкек (хрен) оны  қатты ұсақтау керек болса, ет тартқыштан өткізуге болады. Ақжелкекті үгіткіштен өткізуге болады, ол үшін түнгі уақытқа суық суға салып қойсаңыз болғаны. Ақжелкекті қияр, қызанақты қысқа тұздап жабатын кезде қосса, ерекше дәм береді.

 

 

шавель Щавель лимон қышқылы қосылған қалақай немесе шпинаттың орнын алмастыра алады.  Щавель асқорытуды жақсартады, жараға, суық тигенге қарсы емдік қасиеті бар. Әйел адамдарға климакс кезінде қолданатын болса, ауруын жеңілдетеді және бала көтеру үшін халық емінде де пайдаланылады. Сонымен қатар шавельдің зиянды жағы да бар. Ол аяғы ауыр әйелдерге қолдануға болмайды. Құрамында кальций көп болғандықтан, кальций препаратының сіңімділігін төмендетеді. Бүйрек, асқазан ауруларымен ауырғанда қолдануға болмайды.

петрушка  Ақжелкен (Петрушка) кепкен күйде сақталады. Қораздың көп шөптердің ішінде ең танымалы, дегенмен ол түрлі салаттар, еттер, тауық, көкөністер және сары маймен үйлеседі. Оны суық суда емес жылы суда шайсаңыз, хош иістене түседі. Петрушка, балдыркөк, аскөкті тураған жөн, әйтпесе хош иісін тез жоғалтады. Көктерді құрғақ ауада бірнеше күн сақтауға болады, сонымен қатар құрғақ ыдысқа салып қақпағын тас қылып жабыңыз. Аяғы ауыр әйелдерге ақжелкенді  алғашқы үш айда жеу қауіпті деседі. Өйткені оның түсік тастататын әсері бар екен. Петрушканың құрамындағы полисахарид инулин қандағы глюкозаны қалыптандырады және қан қысымын да жақсартады. Сондықтан бұл қант диабетімен ауыратындарға өте пайдалы өсімдік.

Аскөк (укроп)
укроп Балық және ет тағамдарымен жақсы үйлеседі. Әдетте қысқа кептіреді және  мұздатып  сақтауға болады. Аскөк халық емінде де, медицинада да пайдаланылады. Оның қуық, бүйрек ауруларына емі зор. Аз уақытқа болса да бас ауыруын тоқтата алатын қасиеті бар.  Қан қысымын түсіреді. Витаминдерге өте бай.

 

 

 

лук резанец РЕЗАНЕЦ. Қыста тоңазытқышта сақтайды. Бұл өте нәзік өсімдік, барлық көктермен көкөністермен үйлеседі. Ол  жұмыртқа тағамдарына қайталанбайтын дәм береді. Негізінен Қытай, Европа асханасында қолданылады.

 

 

 

Лавр ЛАВР. Лаврдың жемістері жеуге жарамсыз. Жапырақты қарайтпай кептіреді, әйтпесе хош иісін жоғалтады. Лавр жапырағы үйдін ауасын тазартады,тағамды хош иістендіреді.

 

 

мята  ЖАЛБЫЗ (МЯТА).
Кепкен және мұздатылған күйінде сақталады. Жалбыз қияр, қызанақ, жеміс салаттарына ерекше дәм береді. Ағылшындықтар жалбызды қой етін қуырғанда пайдаланатын таптырмас дәмдеуіш деп санайды. Езілген жалбыз қосылған майонез ерекше дәмді болады.

 

  розмарин    ГҮЛШЕТЕН (РОЗМАРИН). Кептірілген күйінде сақталады. Гүлшетенді қайда қоспайды десеңізші, ерекше хош иіске ие. Татымды қоспалардың бірі. Егер табаның ішіне розмарин салсаңыз, онда балықтарды май қоспай-ақ қуыруға болады. Розмарин жеміс салаттарымен де үйлесім табады.

 

 

 шпинатШпинат. Шпинатты біздің ел тамаққа аса қоса бермесе керек. Өйткені өсімдіктің шыққан тегі ежелгі Персия болғандығы шығар. Құрамында В витаминінің барлық түрі бар. Адамның иммунитетін көтеріп, жүрек, қан аздық, демікпе ауруларының алдын алады. Іш қатқанда тамаққа қосса, ішті жұмсартады. Қартайған кезде жүйке аурулары қоза бастайды. Ондайда тамаққа шпинат қосатын болса, ойлау қабілеті жақсарады. Тіс, шаш, тері өз сұлулығын ұзақ сақтайтын болады.

Әзірше пікірлер жоқ.

Пікір қалдыру