YouTube Facebook RSS Reset

Ет-етке сорпа-бетке

Етті жақсы көрмейтін қазақ бар ма? Бар болса да мыңның біреуі шығар. Етсіз тамақтың дәмі кірмейді. Қалалық өмірде етті ауылдағыдай кептіріп, сүрлеп жату жоқ. Сатып әкеліп, тоңазытқышқа тығып жібереміз. Ал тамақ пісіретін кезде етті жіпсіте алмай әлекке түсіп жататын жас аспаздар бары анық. Кейбір қыз-келіншектер таңертең жұмысқа кетіп бара жатып етті тоңазытқыштан шығарып кетеді де, кешке келгенде мұзы еріп, дайын болады деп ойлайды. Ал жұмыстан кейін үйге емес, аяқасты қонаққа кетіп қалса, қонақта отырып алып, «етім не болды екен, бағана шығарып кетіп едім» деп уайым қылып отырады. Жаздың аптап ыстығында бұл әдіс жарамай қалады.

Мұздатылған етті жұмсарту

Мұздатылған етті жұмсарту

Етті тез жіпсіткіңіз келсе, тамақ пісірердің алдында он минуттай суық суға салып қойыңыз. Етіңіз жұмсарып шыға келеді! Етті сатып әкелген кезде оны мүшелеп, асатынын бөлек целофанға, күнделікті тамаққа арналғанын мөлшерлеп кесіп-кесіп салған дұрыс. Сонда әрбір тамақ пісірген сайын бүкіл бір сан етті немесе қол етті жіпсітіп отырмайсыз.
Тоңазытқышқа қоймас бұрын етті тұздап, тұз сіңген соң қойса, тұзы бойына сіңген ет асқанда дәмді болады.

Әзірше пікірлер жоқ.

Пікір қалдыру