YouTube Facebook RSS Reset

Майлы бояумен салынған суретті жөндеу немесе декор картина

Үйіңізде майлы бояумен салынған картина бар делік. Уақыт өте келе бояуы ескіріп, түсі солғын тартары сөзсіз. Мысалы мына картинаны қараңыз:

ескі картина

Мұндай картиналарды жаңартып алатын жақсы бір жол бар. Әрі ерекше, сәнді затқа айналдыратын нәрсе – моншақтар мен бисерлер. Өз қалауыңызбен әдемі моншақтар мен бисерлерді таңдай отырып, суреттің бедеріне келтіріп, жапсыру қажет. Ол үшін әрине кез келген заттарды жапсыруға арналған түссіз желім дайындап алған дұрыс. Жоғарыдағыдай майлы бояумен салынған, бірақ басқа табиғат бейнеленген картинаны моншақтармен безендіргенімізде төмендегідей декор картинаға айналды.

декор картинаӘлі де моншақтармен безендіре берсе, бұл картина ешкімнің үйінде жоқ сәнді затқа айналары анық!

Әзірше пікірлер жоқ.

Пікір қалдыру