YouTube Facebook RSS Reset

Сайтты тегін жасауға бола ма?

       Сайт жасамас бұрын алдымен хостинг пен домен дегеніміз не деген сұрақтан бастайық. Домен – сіздің сайтыңыздың атауы. Хостинг – сайтыңыздың тұратын жері, мекенжайы. Ол болмаса сайтыңыз ауада қалықтап қалады. Доменнің де, хостингтің де тегіні және ақылысы болады.

Тегін сайтты қалай жасаймыз? Негізінен бұл еш қиындықсыз кез келген тегін хостингте бас-аяғы 10 минуттың ішінде жасалады. Алдымен тіркеліп, керек дизайнды таңдап алу керек. Бітті, сайт дайын.  Админ-панеліне кіріп, қажет баптауларды іске асырасыз.

Мұның бәрі тегін, жақсы ғой. Бірақ өз домені мен хостингі бар сайтқа қарағанда, мұндай сайттан табыс табу өте қиын.

Мұнда көптеген кемшіліктер бар:

  • Табыс табудың әжептәуір аз жолы.
  • Сіздің ресурсыңызды жауып тастауы да мүмкін. Мысалы, белгілі бір уақытта танымал бола бастадыңыз. Ал сізді көре алмайтын бәсекелесіңіз сіздің мақалаңызды көшіріп алып, өз жобасына қояды да, сервис әкімшілігіне плагиат бар деп арызданады. Ал сервистің кімді таңдайтыны белгісіз.
  • Кейбір тегін хостингтер белгілі бір уақытта сайтқа көп адам кірмесе, сайтыңызды жауып тастайды.
  • Егер сіздің сайтыңыз өзінің доменімен хостерінде болса, түгелдей өзіңіз бақылап отырасыз. Тегін хостингтерде айтарлықтай кемшілік – сервистің жарнамасы.
  •  Тегін хостингтердегі жобаларға адамдар сенім арта бермейді. Әрине сайт қандай бағытта, қандай тақырыпта жұмыс жасайтындығы да ескеріледі. Егер сайт қонақтары тегін немесе ақылы хостингтер туралы хабары жоқ болатын болса, онда бұл маңызды емес. Ал сайттың негізгі аудиториясы интернетті жақсы меңгергендер болатын болса, бірден жағымсыз әсер қалдырады. Оның үстіне доменді де, хостингті те арзан бағаға сатып алуға болады.

Ең арзан хостингтерге қызыға бермеу керек. Сайттың қонақтары көбейген сайын сервердің жұмысы қиындап, қолжетімсіз, техникалық көмек болмай қалатын қиындықтар шыға береді.

Қорытындыласақ:

  • Егер сіз тек жоба туралы ғана ойлап, әжептәуір табыс табу туралы жоспарламасаңыз, онда тегін хостинг әбден болады.
  • Егер сіз байсалды сайт жоспарлап, одан пайда тапқыңыз келсе, онда өз доменіңіз бен хостингіңіз болу керек. Сосын оны толыққанды өзіңіз бақылап отыратын боласыз.

 

 

 

 

Әзірше пікірлер жоқ.

Пікір қалдыру