YouTube Facebook RSS Reset

Сайт туралы


 Сайт ережесі

Shartarap.kz сайтын пайдалану ережелері

 

«Шартарап» сайтының әкімшілігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 20-бабына сәйкес сайт қолданушыларына сайтты қолдану ережелерін ұсынады. Сізге сайтты дұрыс қолдану үшін осы шарттармен мұқият танысып шығуыңыз қажет болады. 

1.      Сайттың және сайтқа тіркелушілердің құқығы

1.1. Сайтты қолданушы сайтқа тіркелмей тұрып, осы Ережемен толық танысып шығуы міндетті.

1.2. Сайтты қолданушының тіркелуі тегін, өз еркімен интернет жүйесінде жүзеге асады.

1.3. Осы Ереженің құпталуы үшін Сайт қолданушысы кәмелеттік жасқа жеткен болуы керек.

1.4.Тіркелу кезінде өзіне байланысты құқықтары мен міндеттерін мойнына ала отырып, сайт Ережесімен келісуі керек.

1.5. Сайт әкімшілігі сайт жұмысына қатысты белгілі бір ережелер мен талаптарды енгізуге және оны өзгертуге құқылы. Бұл Ереже сайт қолданушыларына ескертусіз сайт әкімшілігінің тарапынан толықтырылуы немесе өзгертілуі мүмкін. Ереже ашық әрі көпшілікке қолжетімді құжат болып саналады.

Сайт қолданушыларына мынандай тыйымдар салынады:

2.1.   Сайт қолданушысы ретінде басқа біреудің атынан тіркелуге (жалған аккаунт)  немесе топты біріктіруге болмайды. Бірақ басқа заңды тұлғаның тапсыруы бойынша тіркеу жасауға болады.

2.2.    Басқа бір сайт қолданушысының логині мен құпия кілті арқылы кіріп, сайт қолданушыларын шатастыруға болмайды.

2.3.   Өзі туралы мәліметтерді, жасын, басқа ұйымдарға қатыстылығын бұрмалауға болмайды.

2.4.   Төмендегі тақырыптағы ақпараттарды жүктеуге, көшіруге, таратуға немесе қолжетімді жасауға болмайды:

  • қорқыту, жәбірлеу, ар-ожданын, әлеуметтік жағдайын кемсітуге, жеке адамның және екінші бір адамның абыройын түсіру;
  •  кәмелет жасына толмағандардың құқығын бұзатын; 
  • әдепсіз, ерсі сөздерді, ұятсыз суреттер мен мәтіндерді қолдану;
  • зорлықзомбылық тақырыбы;
  • өзөзіне қол жұмсауды сипаттайтын немесе соған үйрететін мазмұн;
  • дінді уағыздайтын немесе этникалық, діни, нәсілдік өшпенділік тудыратын және нәсілдік, идеологиялық наразылық тудыратын насихат;
  • экстремистік мазмұнның болуы;
  • қылмыстық әрекет жасауға үйрететін немесе қылмыс жасауға тартатын материалдар;
  • үшінші адамның мемлекеттік, коммерциялық құпияларын ашу;
  • есірткіні, соның ішінде «сандық есірткіні» (бинауральдық ырғақта адамның миына әсер ететін дыбыстық файлдар) жарнамалау және оны қалай қолдану туралы кеңестер беру;
  •   алаяқтық сипатта болу;
  • Қазақстан Республикасының заң талаптарын немесе заңды тұлғаларының құқығы мен мүддесін бұзу.

2.5.   Сайт тыйымдарын бұзған қолданушы тіркеуден біржола алынып тасталады.

Әзірше пікірлер жоқ.

Пікір қалдыру

Кері байланыс формасы

Сіздің атыңыз

Электронды почта

Хабарламаның тақырыбы

Хабарлама мәтіні: