YouTube Facebook RSS Reset

Тортқа крем жасау

Бисвитке арналған кремдер
Бисквитті қалай дайындау керектігі туралы мақала жарияланған болатын. Ал оның кремі туралы айтылмаған еді. Өйткені әрбір аспаз кремді өз қалауынша жасап алады. Кремдердің де түрлері көп. Ең оңайы – сары май мен қойылтылған сүттен (сгущенка) жасалған крем. Сары май спред немесе маргарин болмау керек. Сгущенканың да қоюы мен тазасы керек. Ең маңыздысы екеуінің де температурасы бірдей болсын. Олай болмаған жағдайда май ыдырап, бір массаға айналмай қояды. Май ерімеген, бірақ жұмсақ болып тұрғаны дұрыс.
1. Майды миксерге салып шайқап аласыз;
2. Сгущенканы қасықтап қосып отырып, шайқауды жалғастырасыз. Көп қылып бәрін бірақ құюға болмайды.
Егер қойылтылған сүт пен майдың температурасының бірдей болуын ұмытып кетсеңіз, газға қоюға болмайды. Ыстық судың үстіне ыдысты қойып ерітіп алыңыз. Майдың ерігенінен қорқудың керегі жоқ. Қайтадан миксермен шайқаңыз. Крем қалпына келеді.

Крем жасауға қиналсаңыз, бисквиттерге дүкендерде сатылатын дайын пудингтерді алып қоссаңыз да болады.

«Шарлот» кремі

Жарты стакан сүт пен жарты стакан құмшекерді кастрюльге құйып, араластыра отырып қайнағанша күтеміз. 7 жұмыртқаны бөлек ыдысқа құйып, шайқап аласыз. Сосын жаңағы қайнатқан сүт пен қантты жұмыртқаның үстіне құя, тоқтатпай сағат тілімен араластыра бересіз. Араластырып болған соң, кастрюльге қайта аударып құйып, отқа қойып тағы араластыра түсесіз. Қайнатып алмау керек. Ақырындап қоюланғанын байқаған кезіңізде, оттан аласыз. Тағы да 2-3 минут қозғап, суытып қоясыз. Миксерге 500 грамм бөлме температурасында жұмсартылған таза сары май мен 1 пакет ваниль қантын (спред, маргарин болмайды) салып, көпіршітесіз. Миксермен шайқаған күйі алдында сүт, қант, жұмыртқадан дайындап алған қоспаңызды қасықтап қосып отырасыз. Әбден көпіршігенше миксермен шайқайсыз. Қолдарыңызға қуат берсін!

Әзірше пікірлер жоқ.

Пікір қалдыру