YouTube Facebook RSS Reset

Торт пісіру

Үйде өз қолыңызбен торт пісіріп, балаларыңызды бір қуантқыңыз келетін шығар. Олай болса, оңай жасалатын торттың жасалу жолын үйреніп алыңыз. Бисквит тортын әзірлеу үшін жұмыртқа (12 дана), құмшекер (2 стакан), қамыр қопсытқыш (1 ш.қ.), ұн (2 стакан) керек.

Алдымен жұмыртқаның ағы мен сарысын араластырып алмай, абайлап бөлесіз. Сосын ағын ақпай қалатындай етіп, қатты көпіршітесіз. Қанттың көбірек бөлігін жұмыртқаның сарысына қосасыз да,  аздаған бөлігін  ағын көпіршітіп жатқан кезіңізде аз-аздан қосасыз.

2014-06-12-678

Жұмыртқаның сарысын да қантын араластырып алып, ағарғанша көпіршітесіз. Арнайы миксер болмаса,  жай араластырғыш құралдармен қатты көпіршіте алмайсыз.

2014-06-12-676Ұнға қамыр қопсытқышты қосып, екі-үш қайтара елгезермен елеп алу керек. Еленген ұн торттың жақсы көтерілуіне әсер етеді. Жұмыртқаның сарысына ұнды аз-аздан қоса отырып, сағат тілімен баппен араластырасыз.

2014-06-12-683Сосын ағының жартысын,  біртектес бола бастағанда, қалған бөлігін қосып араластырыңыз. Қамыр ағатындай қою да емес, қатты сұйық та емес болады.

2014-06-12-686Кондитерлік қағаз төселген табаға құйып, бетін тегістеп, алдын ала 180 градуста қыздырылған тоқ пешке салып пісіресіз.

2014-06-12-687

20 минутта бисквит пісіп қалуы мүмкін. Піскен соң бисквитті қалыптың ішінде қалдырмай, бірден темір тордың үстіне аударып суытып аласыз. Қағазын да алып тастау керек.

2014-06-12-697Дайын болған бисквитке қалауыңызша крем жасап жағып, бетін әсемдеуге болады. Мысалы жоғарыдағы бисквиттен мынандай екі торт шықты:

2014-06-12-705

Жауаптар3 к “Торт пісіру”

  1. Дана
    07.07.2014 при 16:05 #

    Өте түсінікті тілмен жазылған, рахмет!

  2. маншук
    26.11.2014 при 17:09 #

    ал кремді қалаи даиындаиды

    • shartarap
      26.11.2014 при 18:42 #

      Маншук, сіз үшін торттың кремдері туралы арнайы тақырып жарияланады. Күтіңіз! ❗

Пікір қалдыру