YouTube Facebook RSS Reset

Туризмді дамыту

2014-06-25-1322

Қапшағай

    Қазақстанда аса көркем жерлер көбі көп. Елге танымалдары Бурабай, Алакөл, Шарын, Көлсай, ал ел білмейтін жерлер қаншама? Тек туризммен ғана күн көретін мемлекеттер баршылық. Алысқа бармай-ақ, қырғыздардың Ыстықкөліне қарайықшы. (Дәл қазіргі уақытта қырғыз бауырлар қазақтарды киіммен т.б. қамтамасыз етіп отыр ғой…)
Қазақстан Републикасының 2020 жылға дейін туризм индустриясын дамытуға арналған жобасы ғаламторда жарияланған. Онда туризмді дамытуды үш кезеңге бөліп, одан түсетін пайданы жазған. Ол әрине, жүзеге асса екен дейміз.
Ең жаманы бір келген туристер келесі жылы келмейді екен. Негізгі себебі біреу-ақ: тоналып қайтады. Қарапайым такси жүргізушілеріне дейін сырттан келген адамға жақын жерді алыстатып, қалтасын қағып алады. Елдің санасын бір күндік тұрмысы билеп алғаны рас. Дегенмен ол мәселе бергі жағы ғана. Тонаушының нағыз дәуі – туристік компаниялар мен өз қызметін ұсынатын демалыс орындары.
Бәрін екшелей келе, туризмді дамыту мен туристерді тартудың қысқаша амалдарын тізіп шығайық:
1. Жарнаманы жақсылап жасау. Ол жарнаманы көрген соң, Қазақстанды бір көру арман болатындай болу керек.
2. Бізде қаржылық-экономикалық, материалдық-техникалық жағы әлсіз болғандықтан, туристерді халықтың тарихымен, байлығымен, салт-дәстүрімен тарту керек. Сондықтан осы бағытта арнайы іске асырылатын жоба құрастыру қажет.
3. Демалыс орындарын ерекше, ешкімге ұқсамайтын архитектура, дизайндармен салуға тырысу керек.
4. Туристердің күдіксіз, қауіпсіз жол жүруін ұйымдастыру.
5. Қызмет құнын қатты асырып көрсетуге болмайды. Ақшасы көп адам болса да, өзі арзан, сапасы жоғарыны таңдайды емес пе?
6. Ең болмағанда туристер жүретін жолдарды жасау қажет.
7. Туризм туралы халықтың санасын түзеп, дұрыс көзқарас қалыпастыратын жарнамалар шығару керек. Әйтпесе туристер емес, жергілікті халық туристерге таң қалып қарап тұрады.
8. Барлық қазақстандықтар лас, надан болудан қашып, қолындағы қоқысын жәшіктер мен арнайы орындарға тастап үйренсе ғой. Тазалық қашанда адамды баурап алады.Таза жерді сырттан келгендер де ластауға бата алмайды.

Әзірше пікірлер жоқ.

Пікір қалдыру