YouTube Facebook RSS Reset

Қауіпсіз көлік жүргізудің кейбір ережелері

    Сіздердің назарларыңызға қауіпсіз айдаудың бірнеше ережесін ұсынамыз. Мұндайды көлік мектептерінде оқытпайды.

1. Жол, солға қарай бұрылыс. Сіз қарсы келе жатқан көліктерді өткізіп тұрсыз. Меңгерікті (руль) солға қарай ертерек  бұрмаңыз. Артқы жақтан келген соққы үлкен машинаның астында қалдырады. Меңгерікті тек тура ұстап отыру керек.

2. Сіз жолдың жиегінде немесе ақ жолақтың оң немесе сол жағында келесіз. Меңгерікті кездейсоқ бұрып жіберу қорқынышын жойыңыз. Меңгерікті қатты ұстап бағытты өзгертпей, аяқты  газ басқышынан алмай, көліктің жүрісін реттеңіз. Көлік жылдамдығын жоғалтып, жолға оралады. Қалай болғанда да жолға қарай ұмтылмаңыз, сізді кері қарай бірден лақтырып жібереді.

3. Сыртқы радиус (қарсы бағыттағыларға ішкі радиус) бойынша созылмалы бұрылыстарда мұқият болыңыз.   Егер ішкі радиуспен қарсы келе жатқан көлік тайғанақтай бастаса,  90% жағдайда қарсы бағыттағы жүргізушінің дірілдеген әрекетінен ол тура сіздің қақ маңдайыңызға келіп соғылады.  Қарсы бағытта ішкі радиуста келе жатқан көліктен қорқу қате. Өйткені олардың тайғағы жолдың жиегінде аяқталады. Алайда күтпеген жайттар да болады. Егер тура маңдайыңызға көлік ұшып келе жатса, ең дұрысы жолдың шетіндегі жыраға түсіп кету керек.

4. Бір қалыпты жолға түсіп алған соң екпіндетіңіз!

5. Бейтарап жолда жүре бермеңіз. Жеделдету мүмкіндігінен айырыласыз, ал тежегіш үнемі тығырықтан шығара бермейді.

6. Бұрылыста машинаны тежемеңіз. Бұрылыста тек екпін бақыланып отырады.

7.  Озуға күдікті болсаң, қарама-қарсы жолға шығып алып, озуға 100% сенімді болғанша артта жүріп отыр. Ал егер іске асыра алмай қалатын жағдайда өз жолыңа түсіп ал.

8. Жолда шахмат тәріздес озуда машиналардың арасына сыналанып кіріп алып, қарсы жолда жылдамдықты күшейтіңіз. Жүргізуші үлгере алмайтынын көрген соң, өз жолына қарай машиналардың арасына сығылысып кіреді де, бірден тежегішті басады. Бұл – ең көп тараған қателіктердің бірі. Қарсы жолда УАҚЫТТЫ, ЖЫЛДАМДЫҚТЫ, ҚАУІПСІЗДІКТІ  реттеңіз.

9. Егер қарсы келе жатқан машина озып үлгере алмайтынын көрсең, оң жаққа бұрылу белгісін қосып, ЕРТЕРЕК жолдың жиегіне қарай қозғалыңыз. Фарды жыпылықтатып белгі бермеңіз, онда машинаны бірінші рет айдап келе жатқан адам болуы мүмкін.

10. Егер машина тайғанаса, ешқандай дегбірсіз, асықпай, нық әрекет жасаңыз. Мұндай жағдай қатты қозғалыс пен дірілді ұнатпайды. Тайғақ кезінде әр түрлі дөңгелектердің тартысының қалай болатынын үйреніңіз. Тығырықтан шығу мүмкін емес бір ғана жағдай– алдыңғы дөңгелектері тартатын машинаның тайғақ кезіндегі төменге түсуі.

11. Үлкен  әрі тегіс алаң тауып алып, өз көлігіңізді қауіпті тежеу кезіндегі жағдайын, екпінін тексеріп көру артық болмайды.  Шайқалыңыз, көлігіңіздің шама-шарқын сезініп көріңіз. Көлігіңізге ештеңе болмайды.

12. Жауын-шашын кезіне бағыттық тұрақтандырғыш жүйесіне сенім артпаңыз. Не надейтесь на систему курсовой стабилизации во время дождя. Егер бір ақау болатын болса, жүйе істен шығады. Ол көп жағдайда көмектеседі, бірақ элетроникасы жетілмеген.

13. Егер көлікте «антибукс» бағыттық тұрақтандырғыш жүйесіне бір нүктемен байланыспаса, онда оны өшіріп тастаңыз. Ол әрқашан зиянды.

14. Егер сол жақ бағытпен желдей ұшып келе жатсаң, ал қарсы бағытта кептеліс болса, онда әрбір көлік жаяу адам сияқты  ығырыңызға тиеді деп ойлай беріңіз.

15. Сіз сол жақ қатармен ұшып келесіз. Ал оң жақтағылар бәрі тоқтап тұр ма, әлде жа жүріп келе ме? Олар ақымақтар. Жаяу жүргіншілерге жол беріп жатыр. Ол рахаттанып тұрып басымен сіздің маңдайыңыздан соғады. Сіз біраз жыл түрмеде отырасыз, ол өледі. Шындығында мұның еш күлкісі жоқ. Жаяу жүргіншінікі қашанда дұрыс болады және адам өмір бәрінен де маңызды. Ешкім қателіктен сақтандырылмаған, мұқият болыңыз!

16. Жолдың жиегінде балалы адам немесе балалар тұр. Тежеңіз. Басқа жол жоқ. ТЕЖЕ! Балалардың қалай жүгіретінін білесіз бе? Баланың ойында ешқандай қауіп болмайды,  олар тура машинаның астына қарай жүгіреді.

17. Жолда бір жануар немесе дөңгелек, қап сияқты кедергілер болады. Жай жүріп келе жатсаңыз да ит пе, мысық па көлігіңіздің астына келіп түседі. Итке обал әрине. Бірақ итті басып кетпейін деп, өзіңіздің немесе басқа біреудің өмірін құрбан етіп жүрмеңіз. Итті басып кетпес үшін жолдың жиегін, қатар келе жатқан көлікті, алдыңызда соғылып қалатын бағананың бар жоғына көз жеткізіңіз. Салқынқанды болыңыз. Әйтпесе ит ойнақтап жүгіруін жалғастырып кете береді, ал сіз…

18. Барлық нәрсенің себебі жылдамдықта. Жол апатының басым бөлігі жылдамдықтың кесірінен болады.

Артем СУВОРОВтың жазбасынан

Әзірше пікірлер жоқ.

Пікір қалдыру