YouTube Facebook RSS Reset

Үй жиһаздарын таңдау

            Үй жиһаздарын қалай таңдайсыз?

     Үй жиһаздарын таңдауда жұбайыңыздың темпераментімен санасасыз ба? Жиһаз таңдауда алдымен оның  сапасына және құнына назар аударатынымыз белгілі. Түсін таңдауға келгенде қабырғадағы түсқағазға, кілемге түстес қылып алу керектігін білеміз. Бірақ түрлі таңдаулардан басың айналып, кейде шатаса бастайсың. Психологтардың айтуынша, біздің темпераментіміздің әсерінен үйдегі жиһаздар мен заттардың түсі көңіл-күйімізге әсер етеді екен. Адам баласы болған соң, қашанда ыңғайлылық пен жайлылықты ұнатасың. Енді жиһаздың түсін темпераментіңізге қарай қалай таңдауға болады?

1. Меланхолик. Меланхолик барлық уақытта тәртіптің болғанын қалайды. Солай бола тұра басқаларға тұйық болып көрінеді.  Өте өкпешіл, болмашы нәрсеге жылай салатын аса сезімтал жандар. Үнемі өзіне-өзі сенімсіз, жасқаншақ, қиындықта тез сынғыш, күш-қайраты аз, тез шаршағыш. Оның назары тұрақсыз, қарым-қатынаста жасқаншақтығы, ұялшақтығы байқалады. Сөйте тұра ол – байыпты, терең ойлағыш. Түсі – көгілдір. Көгілдір түс меланхоликпен үйлесім тауып, жанын жай таптырады. Жыл мезгілі – жаз. Қызыл, қызыл сары, немесе сары түстер оларды жандандырады. Интерьер және жиһаз. Негізгі көңіл-күйі – салқындық, кербездік, тазалық. Әмбебап түсі – суық, ашық қоңыр. Маталары – жібек, сәтен, масаты, жұқа зығыр. Матаның түсі гүл, жолақтар, шақпақ сияқты майда суреттермен айрықшалану керек. Үлкен оюлар болған жағдайда, суық түстерге тоқталу керек. Ағашы – ақшыл сары немесе табиғи зәйтүн түс. Қызыл қоңыр түстер де жақсы үйлеседі. Металы – күміс түс, бірақ жылтырақ емес, алюминий, мыс сияқты күңгірттеу болу керек.

 2. Сангвиник. Ашықжарқын, аса көңілді, лепірме. Ол шын ниетімен барлық жағдайда өз пікірін білдіріп, табиғи қимыл әрекеттерімен және мәнерлі қозғалыстарымен назар аудартады. Тез ашуға берілгіш, артынша жақсы көңіл-күйге  түсе алады. Сангвиникке тез қозғалыс, ақыл орамдылығы, тапқырлық тән. Түсі – сары. Оған жарқыраған, көңілді, жеңіл, жайдары, шат-шадымандылық әсер етеді. Жыл мезгілі – көктем.  Ашық емес, күңгірт түстер атқылап тұрған темпераментін аздап басуы мүмкін. Интерьер мен жиһаз. Негізгі көңіл-күйі – нәзіктіктен бастап сергектікке дейін. Әмбебап түсі – сары. Матасы – жібек, зығыр, масаты. Ағашы – сарыға ұқсас ашық және қызыл қоңыр реңк. Металы – жылы түсті беретін күміс пен никельдің қосындысы.

3. Флегматик.  Тұйық, сөйте тұра өте белсенді әрі қызба болып келеді. Оны күлдіру де, жылату да қиын. Қиын жағдайларда өте байсалды болады. Әдетте қимыл-қозғалысы, дауыс ырғағы баяу, нық емес. Жаңа жағдаятқа әрең үйреніседі, кертартпа. Еңбекқор әрі қайратты. Флегматик төзімді, ұстамды, сабырлылығымен ерекшеленеді. Түсі – жасыл. Тепе-теңдікті ұстайды. Сары түсте ақжарқын, көңілді, көгілдірде зейіні артады, жыл мезгілдерінен күз бен жаз сәйкес келеді. Интерьер мен жиһаз. Негізгі түсі – қызыл, жарқыраған түстерден бастап, жылы түстерге дейін болады. Әмбебап түсі – ақшыл қоңыр және ақ. Матасы – үлпілдек беті бар, мақта, бөз, жартылай жүн, қамқа, барқыт. Оюлары үлкен, бірақ жұмсақ, гүлдері көп, екі түрлі түс араласа келеді. Ағашы қызғыштау немесе қоңыр табиғи түстер. Металы: алтын түстес қызыл, жез, мыс, қола.

4. Холерик. Лепірмелеу, шыдамсыз, өз-өзін ұстай алмайтын, көңіл-күйі тез өзгергіш. Ашушаң, күйгелек, арсаң-күрсең. Холерикке бір мақсатқа жетуде табанды талпынысының және сондай ынталы, өжетті  болатындығы тән. Бір шаруамен әуестеніп айналысатын болса, өз күші мен қайратын асыра қолданады да, соңында әлсіреп қалады. Көпшіл, көбіне өте қызба, өрекпіген болады.  Түсі – қызыл. Жыл мезгілі – қыс. Жағымды түс – көгілдір қызыл, жасыл түс бәсеңсітеді, әрі енжарлықа жеткізбей, бірқалыпқа түсіреді. Интерьер және жиһаз. Негізгі түс – көгілдір, ақ пен қара – суық түсті көңіл-күйге түсіреді. Әмбебап түс – ақ пен қара. Матасы нәзік түсті атластан бастап, жібек, сәтен, муар, зығырға дейін болады. Металы – суық жылтыр түсті күміс, хром, алюминий. Ағашы – қызғыш түсті қою түс, тегіс, лакталған зәйтүн түстес.

Енді үйіңізді қалауыңызға қарай қалай әсемдеп, жиһаз таңдауда темпераментіңізді ескеру  өз еркіңіз.

Авторы: Алла  «Школа жизни» журналынан

 

Әзірше пікірлер жоқ.

Пікір қалдыру