YouTube Facebook RSS Reset

Ұйқысыздық

Ұйқысыздық дегеніміз не?

Ұйқысыздық – бұл адамның ұйқыдан болатын проблемалық жағдайы. Ұйқысыз көп адамдар тез көз іліп,  артынша оянып кетеді.  Ал тағы біреулер керісінше ұйықтауы қиын болады. Нәтижесінде ешқандай ұйықтай алмай, ертесі көңіл-күйінен байқалып тұрады.
Ұйқысыздықтың түрлері
Ұйқысыздықтың екі түрі болады. Көп тараған түрі – қайталама ұйқысыздық. Он адамның  сегізі қайталама ұйқысыздықпен ауырады екен. Мұндай ұйқысыздық  белгілі бір аурудың жанама әсері немесе нәтижесінен болады.
Ұйқысыздықты тудыруы мүмкін аурулар:

  • Кейбір өкпе немесе жүрек аурулары
  • Стресс немесе депрессия
  • Дұрыс ұйықтау үдерісін бұзатын дәрілік препараттар
  • Дұрыс ұйықтау үдерісін бұзатын кофеин, темекі, ішімдік сияқты заттар
  • Ұйықтау уақытының бұзылуы немесе жағымсыз орта сияқты қоздыратын факторлардың әсері.
    Бастапқы ұйқысыздық керісінше белгілі бір аурудың жанама әсерінен болмайды. Мұндай ұйқысыздық аз дегенде бір ай немесе одан да көп уақытқа дейін созылады.

Ұйқысыздықтың зияны
Ұйқысыздық – кең тараған проблема. Ұйқының бұзылуы күндіз қатты ұйықтағың келеді, күш-қайратың болмайды. Мұндай ұйқының бұзылуы ұзаққа созылатын болса, адам  ашушаңдыққа немесе депрессияға бой алдырады; жаңа нәрсені есіне сақтау, назар аудару, оқу қиынға соғады; оқуы немесе жұмысы нашар болады. Ұйқысыдық отбасына, достарына назар аудартпай,  адамға қажет күш-қайратынан айырады.

Ұйқысыздық қаншалықты уақытқа дейін созылғанына байланысты  созылмалы және қысқа мерзімді болып келеді. Созылмалы ұйқысыздықта ең аз дегенде үш күн, тіпті бір айға дейін көз іле алмайды.

Қайталама ұйқысыздықтың себебін табатын болса,  ешқандай емсіз-ақ  өтіп кетеді. Ұйықтау уақытын реттеп, өмір сүру әдетін өзгертетін болса, мұндай бұзылуды жөндеуге болады. Ұйқының бұзылу себебі анықталмаса, дәрігерге қаралған дұрыс.

    Ұйқысыздықтың себептері

Қайталама ұйқысыздық әдетте стрестен, эмоционалды шиеленістен және т.б. пайда болады.  Сонымен қатар депрессиядан бастап, Альцгеймер, Паркинсон сияқты жүйке ауруларынан да болады.
Қайталама ұйқысыздықты тудыруы мүмкін аурулар:

  • Артрит және бас аурулары.
  • Демікпе, жүрек жетімсіздігі сияқты адамның тыныс алуы қиын аурулар.
  • Гипертиреоз (қалқанша бездің ауруы)
  • Асқазан-ішек жұмысының бұзылуы;

Бастапқы ұйқысыздықтың себептері

  • Ұзақ уақыттық стресс, эмоционалды бұзылу.

Саяхат немесе жұмыс кестесінің әсерінен ұйықтау тәртібі бұзылады. Оны түзегеннің өзінде ұйқысыздық сақталып қалуы мүмкін. Яғни, ағза ұйқының жеткіліксіздігімен күресуге дағдыланады.

Өмір салтын өзгерту

  • Ұйқысыздықтың симптомдарын кетіру үшін ішімдік сияқты нәрселерден тыйылу керек. Сол сияқты бір уақытта тұрып, бір уақытта жатуға өз-өзін үйрету керек. Жатын бөлменің температурасынының оңтайлылығын, тыныштығын, жайлылығын қамтамасыз етіңіз.
  • Кофеин,темекі сияқты қоздыратын нәрсе қабылдамаңыз, кофеиннің әсері 8 сағатқа дейін созылады.
  • Дәрігердің рұқсатынсыз белгілі бір дәрілерді (аллергияға, суық тигенге қарсы препараттар)  қабылдамаңыз.  Ұйқыны бұзуы мүмкін.
  • Ішімдік ішпеңіз. Кейде ішімдік тез ұйықтап кеткенге көмектесуі мүмкін, бірақ жиі-жиі ояна беруіңіз мүмкін.
    Ұйқыны жақсартатын «жақсы әдеттер»:
  • Ұйықтар алдында кітап оқыңыз, жағымды музыка тыңдаңыз, ыстық ванна қабылдаңыз.
  • Ұйықтар алдында дене жаттығуын жасамаңыз, ауыр тамақ жемеңіз, сусын аз ішіңіз.
  • Жатын бөлмеңіздегі компьютерді, телевизорды басқа бөлмеге ауыстырыңыз, ол мүмкін болмаса жатар алдында оған жоламаңыз. Қатты ашық түстерден құтылыңыз.
  • Тіпті демалыс күндері де бір уақытта жатып, бір уақытта тұруды әдетке айналдырыңыз. Егер осылай істей алсаңыз, түнгі уаықтта жұмыс істемеңіз.

Когнитивті мінез-құлықты терапия
Мұндай терапиядан адам ұйықтау режимін бірқалыпқа түсіруге әдеттенеді.

  • Қозуды басатын релаксация мен биологиялық кері байланыс. Мұндай әдіс дем алу, жүрек қағыс, бұлшықеттерді босатып, көңіл-күйді көтеруге көмектеседі.
  •  Ұйқының бұзылуы туралы алаңдап, мазасызданбай, ұйықтар алдында жағымды ойлар ойлау керек.
  • Терапевттің жеке қабылдауында ұйқы туралы дәріс алу керек. Мұндай әдіс түсіңізде не көретініңізді айтып, ойыңызды ашық айтуға көмектеседі.
  • Оянатын уақытыңыздан ерте тұрыңыз. Бұл ұйқының дұрыс кестесін жасауға көмектеседі. Шаршағаннан бұрын ұйықтай алмайтын уақытыңызда ұйықтап қаласыз.  Ақырындап түнгі толық ұйқыңыз қалпына келіп, төсекте ұзағырақ жататын боласыз.Дәрілік препараттар
    Кейбір препаратттар ұйықтауға көмектесуі мүмкін. Бірқалыпты ұйықтау үшін дәрігерлер 1-2 апта бойы ішуге дәрі жазуы мүмкін. Мұндай препараттар көмектескенмен, кейбір адамдар ішіп алған сияқты сезінеді.
    Түнімен жұмыс істегеннен немесе басқа себептерден болатын ұйқының бұзылуы белгілерін дәрі арқылы  кетіруге болады. Бірақ қандай да бір дәрі қабылдамас бұрын, дәрігермен кеңесу керек.

 

Жауаптар21 к “Ұйқысыздық”

  1. 24.11.2014 при 09:43 #

    салеметсиздер ма.менин анамнын уйкысы 10жылдай болды дурыс емес.акем 90ж дуниеден откенсон бауырым екеумизди осы кунге жеткиземин деп кундиз туни уйктамай енбек еткен.менин сурайын дегеним,анам столда отырып ак уйыктап кетеди оятсан ой кетип калатын болды деген сиякты саскалактап атып турады,кейде коркам бунын еми бар ма

    • shartarap
      24.11.2014 при 14:07 #

      Сәлеметсіз бе, Алма! Анаңыздың жасы нешеде? Басы ауыратындығы т.б. денсаулығының мазалайтындығы туралы айта ма? Егер денсаулығында ешбір ақау болмаса, кез келген уақытта көз ілу адам физиологиясына тән нәрсе. Одан қорқудың қажеті жоқ. Ұйықтағанда ми тынығады. Керісінше анаңызға дұрыс ұйықтап алатындай жағдай жасау керек.

  2. Жаке
    05.07.2015 при 01:45 #

    Мен төсекке жатқаннан кейін 1-2 сағаттан кейін ғана ұйықтаймын.Не істеуге болады?

    • shartarap
      07.07.2015 при 04:47 #

      Жаке, сәлеметсіз бе! Мұндай жағдай күнде қайталана ма? Күндіз ұйықтамаңыз.Сізге айтар кеңесім, егер потологиялық өзгеріс жоқ болса, ешбір жеріңізді ауру мазаламаса, мақалада айтылған кеңестерді пайдаланыңыз. Миға салмақ түскен кезде, адам өзі-ақ ұйықтайды. Мысалы кейбір адамдар ұйықтау үшін әдейі кітап оқиды. Ұйықтаған кезде проблемаларды емес, ұйықтау туралы ғана ойлап жатыңыз. Мүмкіндігінше ұйықтау режимін бірқалыпқа түсіріп алғаныңыз дұрыс.Ұйқысыздықтың себептері көп қой. Сіздің денсаулығыңыз туралы білмейтін болғандықтан, басқа ештеңе айта алмаймыз.

  3. Коныр
    25.11.2015 при 18:30 #

    Сәлеметсіз бе! Менің жасым 47-де. Мен түнде жие оянып кете беремін. Сосын шым-шытырық түстер көріп шығамын. Нәтижесінде күндіз басым ауырып жүреді. Осындай жағдайда жүргеніме бір айдың көлемі болып қалды. Қандай кеңес бере аласыздар.

    • shartarap
      26.11.2015 при 15:27 #

      Сәлеметсіз бе? Егер уайым-қайғыңыз болса, барлық нәрсенің шешімі болатынына кәміл сеніңіз. Егер бір жеріңіз ауырса, уақыт оздырмай дәрігерге көрініңіз. Мүмкін ұйқы қашыратын дәрі-дәрмек қабылдап жүрген шығарсыз? Олай болған жағдайда, дәрінің нұсқаулық қағазын оқып шығыңыз. Егер ауру да, уайым-қайғы да мазаламаса, кешкісін душ қабылдап ұйықтаңыз. Массаж да артық етпейді.

  4. Айнұр
    17.03.2016 при 10:40 #

    Сәлеметсіздер ме .Менің анам 57-де.Шаш бояуға алергия болып, система ,укол алып алергияның дәрісін шектен тыс қолданып, ұйқтамай жүр . Түні бойы көз ілмейді. Қандай көмек бере аласыз….

    • shartarap
      17.03.2016 при 20:03 #

      Сәлеметсіз бе, Айнұр? Анаңыздың мұндай жағдайын аллергологтар шешеді. Егер ұйқысыздық аллергияға қарсы қабылдап жүрген дәрілерден болатын болса, оны белгілі бір уақытқа тоқтату керек немесе мөлшерін азайту керек. Дәрінің бәрін тек нұсқаулықпен қабылдамаса болмайды. Оның үстіне дәрігерлердің де кеңесі қажет.

  5. 08.12.2016 при 00:17 #

    Сәлеметсізбе! Менің жасым 19-да. 1-жыл болды дұрыс ұйықтай алмаймын. Ұйқым келеді бірақ жатсам ұйқым ашылып кетеді. Түнде де солай. Кейде қорқамын. Оның себебі неде?

    • shartarap
      08.12.2016 при 22:35 #

      Ажар, сәлеметсіз бе! Барлық нәрсенің өз себебі болады. Ағзаңыздағы гармондар қалпында ма, ешқандай аурумен ауырмайсыз ба, қандай да бір психологиялық қысымдар жоқ па ешқандай ашып жазбағансыз. Сондықтан сіздегі ұйқысыздықтың не себептен болғандығын біз де айта алмаймыз.

  6. Аяулы
    02.01.2017 при 11:44 #

    Сәлеметсіздерме? Жолдасым он кун болды уйыктамайды. Таңға жакын 1-2 сагат кана уйыктап, уйқысы канып калады.Бирак еш жерім ауырмайды дейді. Бул калыпты жагдай ма?

    • shartarap
      02.01.2017 при 23:47 #

      Аяулы, сәлеметсіз бе! сіздің жолдасыңыз еш жерім ауырмайды десе, еш алаңдаудың қажеті жоқ. Демек, ағзаға екі сағат ұйқы жеткілікті болғаны. Күндіз көз шырымын алып, қайта-қайта ұйықтап алмай ма? Егер күндіз мызғып алып жүрсе, түндегі ұйқының сергектігі пайда болады. Ұйқының тыныштығына ешқандай фактор әсер етпесе, мысалы, ұайым-қайғы, күнделікті проблемалар т.т. болмаса, ағза өз қажеттілігін өтеу үшін ұйқының уақыты артады. Ал егер, біраз уақыттан соң ашушаңдық, шаршау пайда бола бастаса ағзаны ұйқымен демалдыруды тез арада қолға алыңыздар.

  7. Асылхан
    13.01.2017 при 05:32 #

    Сілтеметсізбе! Қазір сағат 5:21 шыны керек түні бойы көз ілмедім… əдетте өзім сағат 2 3те кеш ұйықтайтұғынмын, осы уақыт маған əдет болыпты. Ал бүгін болса ұйқы жоқ.. өзімнің ойымша бүгін таңғы астан кейін тамақтанған жоқ едім сол үшін болар деп те ойлап тұрмын.. бірақ менде ішек ауру және гастрит деп айтқан болатын дәрігер.. жасым 23те осы ұйқысыздық қинап жіберді сіздер қандай кеңес бере аласыздар өтініш маған көмектеріңіз қажет.

    • shartarap
      13.01.2017 при 14:39 #

      Сәлеметсіз бе, Асылхан! Әрине қарны аш адамның ұйқысы қайдан келсін? ))). Бірінші кеңесіміз – дәрігерге барып қаралыңыз. Екінші кеңесіміз – салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Уақытында тамақтанып, асқазан ауруының диеталық тамақтарын жеңіз. Спортпен шұғылданыңыз. Ерте тұрсаңыз, ерте жатуға бейімделесіз. Дененің көп қимылы, физикалық шаршауға әкеледі. Ағзаңыз шаршаған соң, ұйқыңыз да келетін болады. Ауырмайтын жол іздеңіз. Сіз әлі жассыз!

  8. Тұрарбек
    16.01.2017 при 19:09 #

    Сəлеметсізбе! Үлкен рахмет сіздерге кеңес беріп жатқандарыңызға. Анам 62 жаста қазіргі күндері ұйықтай алмауда, тек таңға жуық көз ілемін дейді. Өтті алып тастаған қатты əсер етеме 3 жыл болды алғанымызға.

    • shartarap
      16.01.2017 при 22:58 #

      Тұрарбек, сәлеметсіз бе! Өтті алып тастаған адамдар, әрине тек диетаны қатты қадағалау қажет. Табиғи өт бөлінбегеннен кейін, бауыр, ұйқы бездеріне көп салмақ түседі. Сондықтан майсыз , жеңіл тамақтармен тамақтану қажет. Емі жоқ нәрсе ол – қарттық. Ішкі ағзаның қызметінің бұзылыстарын реттеп отыру адамның өз қолында, қарттықты енді жеңе алмайсыз. Жүйкенің тынышсыздығы да аурулардың күшеюіне ұйытқы болады. Сондықтан, анаңызға көбірек қамқор болыңыз!

      • 25.01.2017 при 19:35 #

        саламатсыз ба . менің қайын апкем 2 айдан асты ұйықтамайды. түнде қатты қысылады. күндіз ұйқысы келеді бірақ ұйықтайын десе ұйқы ашылады деп жылайды. не істесек те болмады, неврологқа да бардық қазақша оқыттық та . бізге түнімен ұйқы бермейді мазамызды алады. екі баласы бар жолдасы 1 жыл болды өмірден қайтқан. балаларын уайымдайды ма білмедік. Қандай кеңес бересіз . өтінемін көмек беріңіздерші

        • shartarap
          25.01.2017 при 21:34 #

          Сәлеметсіз бе, Жазира! Қайын әпкеңіздің ақыл-есі, сөзі түзу ме? Екі ай бойы ұйықтамау терең депрессияға апарып соғады. Сондықтан тезірек психологқа барып көрінген дұрыс деп ойлаймыз. Қандай психологиялық ауруға шалдыққан күннің өзінде де жақындарының қолдауы аса қажет.

        • shartarap
          25.01.2017 при 21:45 #

          Жазира, невропатологтар қандай диагноз қойды? Қандай молдаға оқыттыңыздар? (Қазақша оқыту әркімнің қолынан келе бермейді) осы мәселені ашып жазыңыз.

  9. Дилназ
    07.02.2017 при 06:38 #

    салеметсiздерме. мендегi маселе тунi бойы уйыктамау. мысалга казiр сагат 6:36 мен алi уйыктамадым. негiзi казiр универсиадага байланысты демалыс берiп едi окушыларга,ендi тунде 2-3 уйыктап жургенмiн. сонгы 2-3 кунде тунiмен коз iлмеудi шыгардым. калай арылсам болады. кенес бере кетсенiз. РАХМЕТ!

    • shartarap
      07.02.2017 при 19:45 #

      Дилназ, сәлеметсің бе! Кітап оқып, миыңызды шаршатып көріңіз. Көңілді көтеретін, қызық кітаптарды емес, түсінуге ауырлау, мазмұны қиын кітаптан оқыңыз. Мысалы, мен құран кітапты оқысам, бірден ұйықтаймын ))).

Пікір қалдыру