Ресейдің Қазақстандағы елшілігі ресейлік 2Drots футбол клубының жаттықтырушысы Дмитрий Кузнецовтың қазақстандықтарды дөрекі түрде балағаттап кеткеніне қатысты мәлімдеме жасады.
«Жергілікті блогосферада жарияланған Ресейдің «Медиа Лига» футбол командасының 2Drots командасының бапкерінің қазақстандық төрешілерге қатысты дөрекі сөздері туралы бейнежазбаға қатысты, біз мұндай әрекетке мүлдем жол берілмейтінін хабарлаймыз», — делінген хабарламада.
Сонымен бірге дипломаттар қазақстандықтарға қатысты мұндай риториканың ресейліктер үшін репрезентативтігі туралы белгілі бір ресурстарда айтылған көзқарас шындыққа сай келмейді деп санайды.