Суббота, 15 марта, 2025
9.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан          

Редакция таңдауы

Тұз шахтасы несімен пайдалы

Галотерапия сеансы кезінде тұзды ауа қандағы оттегі мөлшерін арттырады, ағзаның инфекциялар мен вирустарға қарсы қорғанысын күшейтеді.

Тұз шахтасының, яғни галотерапияның ең пайдалы тұсы – ол тыныс алу жүйесін тазартады.

Тұз шахтасына кірген адамның жасушалары пайдалы иондармен қанығады, өкпесінің жұмысы реттеліп, тыныс алу жолдарының микрофлорасы шаң мен зиянды бактериялардан тазарады.

Тұз шахтасының гайморит, фарингит, бронхит секілді ЛОР-аурулармен күресте пайдасы зор. Галотерапия жиі суық тиіп, ауыратын балалар мен ересектердің иммунитетін күшейтетіні дәлелденген.

Оған қоса, галотерапия теріге де пайдалы. Нақтырақ айтсақ, тұз шахтасындағы ауаның теріні жаңартып, нәрлендіретін қасиеті бар. Сондай-ақ, галотерапия жараның тез жазылуына да септігін тигізеді.

Тұз шахтасындағы тұздың ұсақ бөлшектері шаштың түбін нығайтып, шашыңызды жылтыратады.

Галотерапияның тағы бір пайдалы қасиеті – ол жүйке жүйесін тыныштандырып, күйзелістен арылуға көмектеседі.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар