Пятница, 14 марта, 2025
10.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан          

Редакция таңдауы

Мүгедектігі бар адаммен қарым-қатынаста нені ескеру керек

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі инклюзивті және әркімге құрметпен қарайтын қоғам қалыптастыруда мүгедектігі бар тұлғалармен қарым-қатынас этикеті маңызды екенін айтты.

«Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен қарым-қатынас құру зейін бөлуді, сезімталдықты және түсіністікпен қарауды талап етеді», — делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар министрлік бірнеше принципті келтіріп, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас этикасын түсіндірді.

Мүгедектігі бар тұлғалармен қарым-қатынас кезінде этикетті сақтауға көмек беретін бірнеше принцип:

  • 1. Дұрыс терминологияны қолданыңыз: терминдерді қолданудағы артықшылықтар әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан әңгімелесуші қандай терминді ұнататынын сұраған дұрыс. Жалпы алғанда құрмет танытатын және бейтарап лексиканы ұстану маңызды.
  • 2. Қажет болса, көмек көрсетіңіз: егер сіз мүгедектігі бар адамға көмек қажет екенін көрсеңіз, онда көмегіңізді ұсыныңыз. Бірақ көмегіңізден бас тартса, талап етпеңіз. Әркімнің дербестігі мен қадір-қасиетін құрметтеу маңызды.
  • 3. Тікелей байланысыңыз: егер адамның көмекшісі не аудармашысы болса да, мүгедектігі бар адамның тікелей өзімен қарым-қатынас құрыңыз. Қарым-қатынасты адам өзіне құрметпен қарағанын және өзіне көңіл бөлінгенін сезінетіндей етіп құру маңызды.
  • 4. Қарым-қатынас кедергілерін жойыңыз: егер әңгімелесшінің есту қабілеті бұзылған болса баяу және анық сөйлеңіз. Сөйлеу қабілеті бұзылған жағдайда немесе тілдік кедергілер болса визуал қарым-қатынас құралдарын қолданыңыз. Мысалы, жазбалар немесе қимылдар.
  • 5. Ыңғайлы кездесу орындарын таңдаңыз: кездесу орнын таңдаған кезде кедергілер болмауына мән беріңіз. Мүгедектігі бар адамдарға бейімделген ғимаратты таңдаңыз.
  • 6. Сабырлы болыңыз және жаңа нәрсе үйренуге дайын болыңыз.

«Таныс емес жағдайларға тап болсаңыз немесе қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керек екенін білмесеңіз, сабырлы болыңыз және үйренуге дайын болыңыз. Әңгімелесушінің қандай қалауы барын сұраңыз, және бейімделуге дайын болыңыз. Мүгедектігі бар тұлғалармен қарым-қатынас этикетін сақтау өзара түсіністікті қалыптастыруға, инклюзивті қоғамды дамытуға және қоғамның барлық мүшесі арасында өзара іс-қимыл сапасын арттыруға ықпал етеді», — делінген министрлік хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар