Пятница, 14 марта, 2025
10.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан          

Редакция таңдауы

Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады

Психолог Анастасия Екушевская бала өз қалауын білдіріп, қабілеттерін таныта бастағанда оның болашағына қатысты нақты жоспар құрып, білімі мен қызығушылығын дамытуға ден қою керектігін айтады.

Оның айтуынша, ата-аналар өз қалауын танбай, баланың мүдделерін ескеріп, жан-жақты оны қолдауы керек. Мұндағы мақсат — баланың болашағын қалыптастыратын бойындағы әлеуетін ашуға көмектесу.

«Баланы жас кезінен бастап белгілі бір мамандыққа бағыттау — кейде дұрыс емес. Бұл арада балалар өз бетімен дамитынын және олардың қызығушылықтары уақыт өте келе өзгеруі мүмкін екенін түсіну маңызды. Ерте мамандандыққа баулу баланың бейімділігі мен қызығушылығына сәйкес келсе, әрине пайдалы. Алайда, егер ол тек ата-анасының айтқанымен жүрсе, бұл оның психологиясына кері әсер етуі мүмкін», — деп «Газетой.Ru» сарапшының сөзін келтіреді.

Психолог балаға әртүрлі сала мен қызығушылықтарын зерттеуге мүмкіндік бере отырып, оны жан-жақты дамуын қолдау маңызды екенін айтады. Ең бастысы, жалпы дағдыларды дамытуға назар аударған дұрыс, кез-келген кәсіпте пайдалы болатын нәрсе — сыни ойлай білу, шығармашылық және коммуникативті қабілеттер. Баланың өз бетінше немен айналысатынына назар аудару керек, жан-тәнімен беріліп істейтін нәрсесі не деген тұрғыда.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар