Суббота, 15 марта, 2025
9.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан          

Редакция таңдауы

Ғажайып ертегі әлемі және классикалық музыка шыңы: Абай театры қаңтардағы репертуарын ұсынды

Биыл Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрына 90 жыл толып отыр. Бұл – жоғары кәсіби шығармашылық ұжымдар мен солистер, түрлі дәуірдегі ұлттық және әлемдік опера және балет классиктерінің театр репертуарының алуан түрлілігін ұсынған еліміздегі алғашқы опера және балет театры.

Театр ұжымы қаңтар айында классика өнерін сүйетін көрермен назарына әлемдік сахналардың ең ғажайып қойылымдарын, шоқтығы биік туындылар мен әсем әуезді симфониялық кештерді ұсынады. Алматылық театр ұжымы жаңа жылдың шымылдығын жаңа жылдық мерекелердің символына айналған «Щелкунчик» қойылымымен ашты. Бұдан бөлек, «Мадам Баттерфляй», «Абай», «Евгений Онегин», «Травиата» операсы, «Юнона мен Авось», «Аққу көлі» балеті, «Франческа да Римини» атты симфониялық оркестрдің концерті берілмек.

4-28 қаңтар аралығында көрермен қауымның назарына Петр Чайковскийдің музыкасына, Василий Вайноненнің ержүрек қуыршақ пен зұлым тышқан королі туралы ғажайып «Щелкунчик» ертегісі ұсынылады.

Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында «Щелкунчик» балеті Василий Вайноненнің қойылымында көп жыл бойы қойылып, әрдайым көрермендерді тәнті етіп келеді. Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Түткібаева мен суретші Вячеслав Окуневтің жаңа балет қойылымында сценографиялық сәнді костюмдер мен декорациялар, кәсіби орындау шеберліктері балеттің жаңаша мағынасын аша түседі.

11 қаңтарда таңғажайып Жапония мәдениетін көрсететін, опера өнерінің әсерлі туындысы «Мадам Баттерфляй» операсы көрсетіледі. Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасында жаңа сценографиясы мен костюмдері, бірегей интерпретациясы үйлесім тапқан қойылымның жаңа нұсқасының тұсаукесері 2022 жылғы желтоқсан айында өтіп, театр репертуарында қайта жаңғырды. Кейіпкерлердің бейнесін тереңнен ашатын итальялық композитор Пуччинидың әсерлі сазды музыкасы қойылымның басты ерекшелігі болып келеді.

Операның сюжеті таңғажайыпқа толы елдердің бірі, мәдениеті мен дәстүрі арқылы ерекшеленетін Жапонияда өтеді. Жалпы таңғажайып Жапония мәдениетін көрсететін опералар көп емес. Сондықтан «Мадам Баттерфляй» қойылымын жаңарту барысында қандай да бір заман жаңашылдығына берілмей, Жапонияның «Кабуки» және «Но» дəстүрлі театрларының элементтерін қолдана келе, киім үлгісін жасауда ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, осы театрлардың тәжірибесінің ізімен ұсынылған қойылым.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар