Пятница, 14 марта, 2025
10.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан          

Редакция таңдауы

ҚХЛ: «Барыс» аутсайдер командадан ұтылып қалды

Құрлықтық хоккей лигасының матчында астаналық «Барыс» өз алаңында Шығыс конференциясында ең соңғы сатыға — 11-орынға жайғасқан Нижнекамсктің «Нефтехимигімен» ойнап, ұтылып қалды.

Қонақтар «Барысты» ұтып, ҚХЛ аясындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді.

«Барыс» пен «Нефтехимиктің» кездесуінде Андрей Белозеров алғашқы болып есепті ашты. Мұз айдын қожайындары бірінші кезеңде есепті теңестірді. Джереми Бракконың арқасында бұл мүмкін болды.

Екінші кезеңде «Нефтехимик» ойыншысы Андрей Чивилев тағы да ресейлік команданы алға шығарды. Есеп — 2: 1. Осы нәтиже матчтың соңына дейін өзгеріссіз қалды. Осылайша елордалықтар өз алаңында 1:2 есебімен ұтылып қалды.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Нефтехимик» (Нижнекамск, Ресей) 1:2 (1:1, 0:1, 0:0).

6 қазанда «Барыс» сырт алаңда Нижний Новгородтың «Торпедосымен» ойнайды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар