Суббота, 10 мая, 2025
18.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан          

Редакция таңдауы

МӘСЕЛЕЛЕР ПАРЛАМЕНТ МІНБЕРІНДЕ КӨТЕРІЛЕДІ

Бүгін “AMANAT” партиясы Түркістан қалалық филиалында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі партиялық фракция мүшесі Қайрат Балабиев тұрғындарды қабылдап өтініш-тілектеріне құлақ түрді. Қабылдауға “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Президент, Парламент және Үкіметтің қоғам алдындағы рөлі мен міндетіне қатысты күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет қағидатын басшылыққа алатынын айтқан болатын. Бүгінде ықпалды Парламент құру арқылы халықтың үнін тыңдайтын Үкімет қалыптастыру жұмыстары жемісті жүзеге асып келеді.
Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындардың көкейлерінде мазалаған сұрақтар мен туындаған мәселелерді шешу, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, ұсыныс өтінімдерін қабылдау басты назарда екенін атап өтті.
Қабылдауға алдын ала жазылғандардың қатарында болған түркістандық Доврон Дадашев сегіз жылдан бері қылмыстық істің дәлелдері мен куәлері бола тұра осы күнге дейін ашылмай, істің бұрмаланып жатқанына наразылық білдірді. Мәжіліс депутатынан аталған істі жеделдетіп шешіп беруін сұрады.
Сонымен бірге, Яссы агронесие ұйымына шағым айта келген бір топ тұрғын аталған ұйымнан 5 жыл бұрын несие алып, уақытылы жауып тастаса да, кепілге қойған құжаттарын әлі күнге дейін ала алмай келе жатқандарына өкініш білдіреді.
Түркістандық Акрамжан Таиров бірнеше жылдан бері сот шешімінің орындалмай келе жатқанын айтса, 30 жылдан бері мүгедектердің құқын қорғап жүрген Дүйсенәлі Жүсіпов мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бірнеше мәселесін тізіп берді. Сонымен бірге, жекеменшік балабақшаның бір топ тәрбиешісі тексеру органдарының жиі мазалайтынын айтып, шағымданды.
Мәжіліс депутаты Қайрат Рахымұлы барлық азаматтың мұң-мұқтажын мұқият тыңдап, әрқайсына заң аясында жан-жақты түсініктеме берді. Келушілердің бам бөлігіне көтеріп келген мәселесін жеке өз атына шағым ретінде жазып қалдыруын сұрады. Аталған мәселелерді тиісті сала министрліктері мен құзырлы органдармен шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді. Кейбір мемлекеттік тұрғыдағы мәселелерді Парламент мінберінде көтеретін болды. Жалпы қоғамдық қабылдау барысында айтылған ұсыныстар мен өтініштер партия назарында болады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар