Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Түркістан музыкалық драма театрында Жасұлан Қаржаубайұлы Нысанбаев халық алдында есеп беріп, өткен жылы атқарылған жұмысты қорытындылады.
Есеп беру жиынына Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қала прокуроры Кәукен Бахытбайұлы Нәрікбаев және зиялы қауым өкілдері мен жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Жиналған қауым алдында басқарма бастығы өткен жылдағы жедел іс-шараларды қорытындылау бойынша баяндама жасады.
2024 жылдың 12 айында Түркістан қаласында жалпы құқықбұзушылықтың тіркелімі 2023 жылдың 12 айымен салыстырғанда 16,4%-ға өскен.
Алайда, оның ашылу пайыздары едәуір жақсарған. Атап айтсақ, ауыр және аса ауыр қылмыстың ашылымы 79,5%-дан 88,9%-ға, аса ауыр қылмыс 80%-дан 100%-ға, ауыр қылмыс 79,5%-дан 88,3%-ға, бөтеннің мүлкін ұрлау 63,8%-дан 92,3%-ға, пәтер ұрлығы 50%-дан 78,9%-ға, қорқытып алу қылмысы 80%-дан 100%-ға, есірткі қылмысы 75%-дан 82,4%-ға жақсарған.
Ал, орта және онша ауыр емес санаттағы қылмыстардың тіркелімі 8,5%-ға төмендеп, ашылымы 63,4%-дан 64%-ға көтерілген. Оның ішінде алаяқтық қылмыстарының тіркелімі 47,6%-дан 53,3%-ға, ұялы телефон ұрлықтары 70,4%-дан 76,5%-ға жақсарған.
Жиын барысында Полиция басқармасының бастығы Ж.Нысанбаев азаматтардың мұң-мұқтаждарын және ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қылмыстарды болдырмау мәселесін талқылады.
Кездесу соңында облыстық ардагерлер алқасының төрағасы Ж.Әзіретбергенов және басқа да азаматтар басқарма бастығына өз алғыстарын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.