Суббота, 15 марта, 2025
10.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан          

Редакция таңдауы

ТҮРКІСТАН: АЛҒЫС АЙТУ МЕРЕКЕСІНДЕ АУЫЗАШАРҒА АРНАЛҒАН «КИІЗ ҮЙ» КӘДЕСЫЙЫ ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Алғыс айту күніне арналған «Алғысым шексіз, туған ел» атты мерекелік іс-шара өтті.
Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі – облыстық ҚХА төрағасы Нұралхан Көшеров, зиялы қауым өкілдері, облыстық ҚХА мүшелері және ардагерлері, облыстық ҚХА жанындағы «Ел бірлігі» депутаттық тобының мүшелері, БАҚ өкілдері, жастар қатысты.

Мерекелік шара барысында Рамазан айының Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келуіне орай келген қонақтарға Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан ауызашарға арналған «Киіз үй» кәдесыйы таратылды.

Сонымен қатар мерекеде этномәдени бірлестіктердің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге облыс суретшілері мен қолөнер шеберлерінің туындылары қойылып, жұртшылық назарына ұсынылды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар