Пятница, 9 мая, 2025
24.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан          

Редакция таңдауы

ТУРИСТЕР ТҮРКІСТАНҒА ШАРТАРАПТАН АҒЫЛАДЫ

Республикамыздың аймақаралық жолаушылар авиатасымалында маңызды рөл атқаратын QAZAQ AIR әуе компаниясы 4 қаңтардан бастап – Қостанай-Түркістан, 13 қаңтардан бастап – Қарағанды-Түркістан бағыттары бойынша субсидияланатын әуе рейстерін іске қосқанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, 13 қаңтардан бастап Астанадан Түркістанға әуе сапарларын бастау жоспарланып жатқаны хабарланды.

Елімізде ішкі туризмді жолға қоюда Түркістанның орны айрықша маңызды екені белгілі. Бұл мәселе «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі Жол картасында қамтылып, өңіріміздің туризм мүмкіндіктерін кеңейтуге басымдық берілген. Түркістанда туризм инфрақұрылымның қалыптасуына ықпал ету, тарихи-мәдени мәні бар нысандардың танымалдылығын арттыру, облысымызға келетін меймандар үшін сервистік және транспорттық мүмкіндіктерді кеңейту, оның ішінде әуе қатынасында жаңа маршруттардың түзілуіне жағдай жасау міндеттері белгіленіп, іске асырылуда.
Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақтың бірлігі мен тұтастығының ордасы болған киелі Түркістан болашақта да осы мәртебелі миссиясын атқара береді», — деп нақты атап көрсетті. Осы орайда, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасы әзірленіп, ол Парламент Мәжілісінің бірінші оқылымында мақұлданды.
Қастерлі мекеннің бірегей тарихи-мәдени мұрасын туристік тұрғыда ілгерілету мәселесі өңір басшылығының тұрақты бақылауына алынғаны белгілі. Осы міндет шеңберінде Түркістандағы Әзірет Сұлтан Халықаралық әуежайының әлеуетін көтеру, әуе қатынасы географиясын кеңейту, жаңа авиарейстер ашу мәселелері жуырда облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың қатысуымен өткен мәжілісте арнайы қаралды. Өңір басшысы сала жетекшілеріне әуежайды дамыту мүмкіндіктерін толық зерделеп, тиісті жұмыстар атқаруды тапсырды. Сондай-ақ жиын барысында туризм және көлік саласында, оның ішінде әуежайдың тиімді қызметін қамтамасыз етуде инвестициялық ықпалдастық мәселелері бойынша бірқатар нақты міндеттерді жүктеді.
Түркістан қаласындағы Халықаралық әуежайды дамыту мүмкіндіктері аманаттық депутаттардың да тұрақты бақылауына алынғанын атап өтуіміз керек. Бұл бағытта облыстық мәслихат депутаттары әуежайға арнайы келіп, мұндағы жұмыстармен арнайы танысты. Айтылған ұсыныстардың орындалуы депутаттық корпустың жүйелі назарына алынған.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар