Қазақстанның әншісі, музыканты Димаш Құдайберген әлемге әйгілі хорват виолончелист Степан Хаузермен бірге ән орындады.
«2024 жылды Құдай туралы әуенмен бастайық!» деген жазуы бар кішігірім бірлескен видео әншінің Instagram желісінде пайда болды.
Видеодағы екі музыкант та көрермен сипаттағандай, шынымен рухани болып тұр.
- Нағыз ерекше жаралған жан! Менің жаңа жылдық тілегім – осы дует пен орындауды тікелей тыңдау. Мүмкін Будапеште?
- Иә, нағыз шедевр!
- Димаш, қандай кереметсің!
- Мұны шексіз тыңдауға болады… Жаңа жыл құтты болсын, тамаша жігіттер!!!