Пятница, 14 марта, 2025
14.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан          

Редакция таңдауы

Елордалық дәрігерлер бес жасар бүлдіршінге инновациялық ота жасады

Бес жасар бүлдіршін екі жақты микротиямен және құлақ каналының атрезиясымен дүниеге келген. Үш жасында ата-анасы оған арнайы аппарат сатып алған, сондықтан балада ота жасауға болатын жасқа жеткенге дейін бойындағы дамуында қиындық болмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір ол уақытша аппаратсыз-ақ жүре алады, өйткені елордалық дәрігерлер балаға МӘМС аясында ота жасады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сүйек өткізгіштік аппаратын имплантациялау операциялары Қазақстанда осы жылы медициналық сақтандыру аясында жүргізіле бастады.

Бұған дейін №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының лорхирургтері де мұндай операциялар жүргізген, бірақ стационарға импланттар гуманитарлық көмек аясында түскен. Операция инновациялық емдеу әдістеріне жатады және жоғары технологиялық медициналық қызмет болып саналады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар