Пятница, 14 марта, 2025
10.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан          

Редакция таңдауы

Сауд Арабиясында 72 жылдан кейін алғаш рет алкоголь сатуға рұқсат берілмек

Шариғатты қатаң ұстанатын Сауд Арабиясы кейінгі жетпіс жылда алғаш рет алкогольді сатуға рұқсат бермек. Әзірге тек бір дүкенде және шетелдіктер үшін.

The Guardian 25 қаңтарда Сауд Арабиясында алғаш рет алкоголь сататын дүкен ашылатынын жазды. Ол Эр-Риядтың дипломатиялық кварталында орналасады және тек мұсылман емес шетелдіктерге арналған. Елдің 32 миллион тұрғынының басым көбі үшін ішімдік қолжетімді емес болып қала бермек.

Дүкенге тек арнайы қосымшада тіркелгендер ғана кіре алады және сатып алуда шектеу қойылады. Дүкенге кіргенде тұтынушылардан ұялы телефонын арнайы сөмкеге салу талап етіледі.

Осындай қатаң шектеулерге қарамастан, корольдіктің кейбір тұрғыны биліктің бұл шешімін үкімет саясатындағы бетбұрыс деп санайды. Исламның негізгі қасиетті орындары орналасқан елде өте қатаң мұсылман заңдары қолданылады. Сауд Арабиясында 1952 жылдан бері алкогольге толық тыйым салынған. Дегенмен, мейрамханаларда «алкогольсіз шараптар» және алкогольсіз коктейльдер бар және олар өте танымал.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар